Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Нұрлы жер» Абай ауданында»

2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына жолдауында  айтылғандай  Қазақстан   Республикасы  Президентінің тапсырмасы  бойынша 2017 жылы  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы іске асырыла басталды. Осы Бағдарламаның мақсаты- халық үшін тұрғын үйдің қолжетiмдiлiгiн арттыру.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Олар - «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату, тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін несиелік тұрғын үй салуы, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй салуы, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін жеке тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөлу.

Осы Бағдарлама  жоспар бойынша біздің ауданда да іске асырылуда. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен  және облыстық бюджеттен ортақ  қаржыландырумен  Абай қаласында жалпы алаңы 4000ш.м.  екі  9  қабатты, 36  пәтерлі  тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Коммуналдық  тұрғын үй қорынан баспана алуға  кезектін артуына байланысты Абай қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғастырылады, осы мақсатта аудандық бюджет есебінен  қаланың 30а орамында үш 5-қабатты тұрғын үйлерге тартылатын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына  жобалау-сметалық құжаттама  әзірленді, екі бес қабатты  шағын қорамды  тұрғын үйлердің құрылысына үлгілік жобаның байластыруы жасалды.

Бағдарлама міндеттерінің бірі - жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Оны орындау үшін  ағымдағы жылы  аудандық бюджет есебінен  Абай қ. Школьная көш. (40 жер учаскесі)  және Топар к. (33 жер учаскесі)  жеке тұрғын үй құрылысына  ИКИ құрылысы үшін  жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Ол деген, ИКИ құрылысы аяқталғаннан кейін кезекте тұрған азаматтар жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген  жер учаскелерін алады.

Бағдарламаның  іске асырылуы  құрылыс материалдарын өндіруін ұлғайтуға, саладағы заманауи технологиялар ендіруге, жаңа жұмыс орындар құруға, аудан мен қаланың сәулеттік түрін өзгертуге серпініс береді.

 

 

«Абай ауданының құрылыс бөлімі»

ММ басшысы                                                                                             А.Асқаров

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района