Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Медиация

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.
Медиацияның мақсаттары мыналар болып табылады:
1) дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу;
2) тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.
Медиация мынадай қағидаттар негізінде жүргізіледі:
1) еріктілік;
2) медиация тараптарының тең құқылығы;
3) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы;
4) медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік;
5) құпиялық.
Медиатор – ҚР «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.
Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
Аудан әкімі Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
Медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы айқындайды.

 

Дата редактирования: 06 Сәуір 2018 17:44
© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района