Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Баспасөз хабарлама

2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы
Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп кәсіпорындары 67227,7 млн. теңгеге өнім өндірді, бұл жалпы облыстық көлемнің 4,8%-ын құрайды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Абай ауданында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы шығару көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті және 14488,0 млн.теңге сомасында құралды, бұл жалпы облыстық көлемнің 10,4%-ын құрайды. Ауданда мал мен құстың барлық түрлерінің 6118,4 тонна еті өндірілді (нақты көлем индексі 105,4%-ды құрады), жалпы сауылған сүт 20998,7 тоннаны (103,4%), жұмыртқа өндірісі – 186768,1 мың дананы құрады (109,8%).
Жыл басынан бері ауданның кәсіпорындарымен 9197,9 млн. теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді. Тұрғын үй құрылысына 365,8 млн. теңге бағытталған.
Барлығы аудан бойынша ағымдағы жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы көлемі 6444 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, бұл өткен жылғы  сәйкес кезеңмен салыстырғанда 29,2% артық. Ағымдағы кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 3307,2 млн. теңге сомасында құралды
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 3286,3 млн. теңге сомасында құралды және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,9%-ға артты.
2013 жылғы желтоқсанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есептеусіз кәсіпорындарындағы қызметкерлер саны 8406 адамды құрады, бұл өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 8%-ға жоғары.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 2013 жылғы желтоқсанда 75598 теңгені құрады және 2012 жылғы желтоқсанбен салыстырғанда 1,3%-ға артты. Нақты еңбекақы 0,1%-ға өсті.
Жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы желтоқсанда 15193 теңгені құрады.
Ауданда 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 54704 адам тұрады немесе Қарағанды облысы халқының 4%-ы.
2014 жылғы 1 қаңтарға статистикалық бизнес-тіркелімде Абай ауданы бойынша 382 шаруашылық субъектілер есепте тұр.

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района