Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Жоба

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды

мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін  аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


 
 Абай ауданының әкімі                                                     Б. Асанов

 

 

 


 

   Абай ауданы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «___»  ________

№ __/__ қаулысына қосымша

 

 

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

 

      1. Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
      2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
      3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

 

Абай ауданы әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «___»  ________

№ __/__ қаулысымен бекітілген  

 

 

 

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы

 

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Абай ауданының iшкi iстер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Абай ауданының ІІБ) енгiзедi.
      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Абай ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Абай ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Қарағанды облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.
      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi Абай ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
 


Вернуться назад

Дата редактирования: 19 Қараша 2018 11:14
© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района