Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» №02 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2019 жылдың 12 сәуірінде №5290 тіркелген)

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. Қарағанды облысы Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округінде, Көксу ауылдық округінде, Юбилейное ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сакенұлы Мағзин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай ауданының әкімі                                             Б. Асанов


Вернуться назад

Дата редактирования: 19 Қараша 2018 11:14
© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района