Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданы әкімінің «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

Жоба

Абай ауданы әкімінің «Табиғи
сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы» шешімінің
күшін жою туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қарағанды облысы, Абай  ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылдың 24 тамызындағы №7  хаттамасы негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Абай ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 сәуіріндегі №2 «Табиғи сипаттағы төтеншежағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 5 мамырында №4252 тіркелген, 2017 жылғы 13 мамырында №18 «Абай Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған ) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Абай ауданының әкімі м.а.     М.Мағзин
 


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района