Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Аудан аралық қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

ЖОБА

 


Аудан аралық қатынастарында
жолаушыларды және багажды
тұрақты автомобильдік
тасымалдау тарифтерін
белгілеу туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына,  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі   «Автомобиль көлігі туралы» Заңның 19 бабына сәйкес, Абай ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрақты аудан аралық автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасмалдау  тарифтері белгіленсін:
1) № 200 «Абай қ. – Қарабас к.» - 90 (Тоқсан) теңге;
2) № 208 «Абай қ. – Көксу а.» - 135 (Жүз отыз бес) теңге;
3) № 209 «Абай қ. –  Жаңа Қараған к.» - 40 (Қырық) теңге;
4) № 211 «Абай қ. – Южный к. – Топар к.» - 150 (Жүз елу) теңге;
       2. «Тұрақты аудан аралық автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасмалдау  тарифтерін белгілеу туралы»  қаулы  Абай аудандық мәслихатының сессиясына келісуге шығарылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.


Абай ауданы әкімінің м.а.                                                      М. Мағзин


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района