Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

ЖОБА

Абай ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне
2001 жылы туған ер азаматтарды
тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу 2018 жылдың 01 сәуіріне дейін ұйымдастырылсын.
2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері 2001 жылы туған жасөспірімдердің Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 


Абай ауданы әкімінің м.а.                                   М. Мағзин
 


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района