Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму-дың жаңа мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет деп атап өтілді.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджет есебінен және облыстық бюджеттен ортақ қаржыландырумен ағымдағы жылы ауданда 2 сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда – «Абай қ. су құбыры желілерінің қайта құруы» және «Қарағанды аулдық округі Жартас а. су құбыры желілерінің  құрылысы», объектілердің аяқталуы осы жылға  жоспарланған. Сонымен қатар Юбилейное а. су құбыры желілерінің қайта құруы бойынша конкурстық  рәсімдер  жүргізілуде,   жобаның аяқталуы 2019жылы.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар Абай қаласының 10 көшесінде жүргізіледі: Промышленная, Железнодорожная, Ержанов, К.Маркс, Ленин, Энгельс, Абай, Школьная, Гёте, сонымен бірге  Жеңіс д., 2-ші және 4-ші ықшам аудандарында және  «БАМ» тұрғын ауданында. Бүгінгі күнде 7 ш. құбыр тартылды, 112 темірбетон құдық орнатылды, жұмыстар өндіріс кестесіне  сәйкес жүргізілуде. Жобаның іске асырылуы қаланың сумен жабдықтау сапасының деңгейін арттырады.

Жартас а. су құбыры желілерінің  құрылысында жұмыстар өндіріс кестесінен озып атқарылып жатыр, 8 ш. құбыр тартылды, 106 темірбетон құдық орнатылды. Объектіні пайдалануға енгізгеннен кейін ауыл тұрғындары орталықтандырылған сапалы сумен қамтамасыз етіледі.

Көп жылдары қаланың және  Қарабас к. су бұру жүйелерінің жағдайы проблемалық мәселе   болып келді. 2018 жылы үш жылға жоспарланған  кәріз желілерінің қайта құруы бойынша құрылыс жұмыстары  басталғаның айтып кетуге болады.  Қайта құру аясында ағымдағы жылы жұмыстар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл, Гёте, Железнодорожная көшесінің басы, Межквартальный, Центральный, Первомайский пере-улоктарында жоспарланған. Осы уақытта 400м құбыр Межквартальный п. тартылды, құрылыс-монтаждық жұмыстар өндіріс кестесінен қалмай  жалғасуда.

 

 

 

«Абай ауданының құрылыс бөлімі»

ММ басшысы                                                                               А.Асқаров

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района