Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ата Заңға құрмет – бәрімізге міндет

05 Сентября 2012

29 тамыз аудандық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті. Аудан әкімі Еркебұлан Нашаров жиналған қауымды мерекемен құттықтау сөзінде «Бұл еліміздегі ерекше айтулы мерекелердің бірі.  

29 тамыз аудандық мәдениет үйінде ҚР Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті. Аудан әкімі Еркебұлан Нашаров жиналған қауымды мерекемен құттықтау сөзінде «Бұл еліміздегі ерекше айтулы мерекелердің бірі. Конституциямыз – әрбір қазақстандықтың құқығын сақтап, еліміздегі тыныштық пен татулықты реттеуде үлкен роль атқарып келеді. Азат еліміздің абыройын елемге паш етуде де әр сөзі салмақты да сауатты Ата Заңымыздың лайықты өз үлесі бар», - деді.
Сөз кезегі аудандық мәслихаттың хатшысы Борис Цайға беріліп, ол Конституцияның ел өміріндегі мәні мен маңызына тоқталды. Оның әр бабы - адам қадірі мен өмірін қорғауға құзіретті екенін айтып, жыл сайын Ата Заңымызға толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, салмағы артып келе жатқанын жеткізді. Заң болмаса, заман да, адам да жаман болар еді деген ойға сайды мәслихат хатшысының сөзі.
Баяндама аяқталған соң кезек марапаттау рәсіміне берілді. Ауданымыздың дамуына үлес қосып, еңбекте белсенділік танытқандар аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды. Абай ауданы Әділет басқармасының бастығы Арғын Молдахметов және Абай ауданының қаржы бөлімінің жергілікті бюджеттің орындалуын үйлестіру секторының меңгерушісі Валентина Колябина аудан әкімінің Құрмет грамотасын алды. Ал Алғыс хат – Абай ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы Дәріжан Мырзахметоваға, Самар ауылы әкімі аппаратының бас маманы-есепшісі Тиышбала Омароваға, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Ирина Батищеваға берілді.
Сонымен қатар, бұл күні «Нұр Отан» ХДП-ның Абай аудандық филиалының төрағасы Еркебұлан Ертихалұлы партия қатарына енуге ниет білдіргендерге куәлік табыстады. Еліміздегі көшбасшы партия қатары тағы да бірнеше адамға толыға түсті.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің атынан Николай Дудкин аудан әкімі мен қала әкіміне Абай шаһарын көркейтіп, дамытып жатқандары үшін ризашылығын білдіріп, өздерінің Алғыс хаттарын табыстады.
Мереке концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен Қарағанды қаласынан шақырылған әншілер мен бишілер ұлы мейрам көркін қыздырды.
Асылбек ТОЙБЕК
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района