Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қоныс тойын тойлады

11 Сентября 2012

Сенбі, 1 қыркүйек күні Топар кентінің тұрғындары үшін үлкен той болды десек асыра айтқанымыз емес. Жаңа оқу жылы жағымды ісшаралармен басталды.  

Сенбі, 1 қыркүйек күні Топар кентінің тұрғындары үшін үлкен той болды десек асыра айтқанымыз емес. Жаңа оқу жылы жағымды ісшаралармен басталды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасында халықтың тұрғын үйге қолжетімділігі мәселесін шешуді тапсырған еді Үкіметке. Соңғы жылдары баспана мәселесі біраз қазақстандықтардың басын қатырғаны белгілі. Қай жерде болсын жас мамандар мен отбасылары, көп балалы аналар, бюджеттік сала қызметкерлерінің ұзын сонар кезегі бар.
Міне, Топар кентінде қайта жөндеуден өткізілген жатақхана аз болса да аталған мәселенің шешілуіне сеп болғандай. «Қазақмыс» Корпорациясымен аудандық әкімдік арасындағы Меморандум негізінде биыл бірсыдырғы жұмыстар жасалды. Соның бірі – жатақхананың жөнделуі. Аудан әкімі Еркебұлан Ертихалұлы 29 жанұяға жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Баспаналы болғандардың ішінде әлеуметтік сала мамандары, әсіресе жас мамандар, көп балалы отбасы, сондай-ақ, ҚарГРЭС еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлері бар.
Аудан әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері Титор Юрий Ивановичке теледидар сыйға тартты. Ресейге көшіп кетіп, қайта оралған ардагердің қуанышында шек жоқ. Майдангер екі бөлмелі пәтердің ішін қарап шығып, аудан басшыларына алғысын білдіріп, батасын берді.
Шашу шашылып, жаңа үйдің иелері қоныстойын тойлауға кірісіп кетті.
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района