Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ел айбары - жастар

04 Октября 2012

 Өткен аптадағы сенбі күні Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, Қарағанды политехникалық колледжінің Абай ауданындағы филиалында Қарағанды облысының Студенттер Альянсы және «Теміртау жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ... 

Өткен аптадағы сенбі күні Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, Қарағанды политехникалық колледжінің Абай ауданындағы филиалында Қарағанды облысының Студенттер Альянсы және «Теміртау жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің, сондай-ақ аталмыш колледждің қолдауымен «Ораторлық шеберлік және APDP дебаттары» тақырыбындағы дебаттық өнерге баулитын семинар-тренинг болып өтті. Семинардың мақсаты жастардың бойындағы ұлтжандылық сезімін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру, дебат арқылы сөйлеу мәнерін дұрыстау, даналардың дәйекті-афоризм сөздерімен ойды толық жеткізу, ораторлық шеберлікті ұштау арқылы көрініс тапты.
Семинарға колледждің 20 студенті қатысып, «Ораторлық шеберлік және APDP дебаттары» курсынан өткендігі туралы сертификатқа және «I love Kazahstan» жейделеріне ие болды. Осы іс-шараның өту барысында біздің Абай қаласының колледж студенттерінен құралған «Кто не с нами, тот под нами» командасы Сәтпаев қаласының командасымен интернет жүйесі бойынша қосылған камера арқылы тікелей эфирдегі дебаттық ойын өткізді. Жарыс барысында Абай жастарынан құрылған жалынды топ қарсыластарын ойсырата ұтып, жеңімпаз атанды. Жеңістің дәмін татқан колледж студенттерінің қуаныштары колледж ішін жаңғыртқандай болды.
Аталған іс-шара ерекше форматта өтуімен, жастарға бағытталған қызықты ойындарымен сәтті болды. Жарты күнге созылған семинар-тренинг барысында колледж студенттері өздеріне өмірде де, оқу барысында да қажетті, сіңімді мағлұматтар алды. Айта кететін жайт, дебаттық өнерді түсіндіруші, насихаттаушы жігіттеріміз – жалынды жас студенттер екен.
Сөз саптары, сөйлеу мәнері жоғары деңгейдегі қазақтың жастары жарады.

Айдос ШӘРІПЖАНОВ,
Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района