Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Жарайсың, Нұрболат!

31 Октября 2012

Қазанның 15-16 жұлдызында Талдықорған қаласында ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Жас Барыс» қазақ күресінен республикалық турнир өтті.  

Қазанның 15-16 жұлдызында Талдықорған қаласында ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Жас Барыс» қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Республиканың әр түкпірінен іріктеліп алынған турнирде Абай ауданы Топар кентінің Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы 64 кг салмақ дәрежесінде Нұрболат Ахметпеков 3 орынды жеңіп алып, мерейімізді тасытты. Атап кетейік, алдынғы аптада Жаңаарқа ауданында жасөспірімдер арасында өткен жарыста Қарағанды облысының «Жас Барысы» атанған Нұрболат бұл республикалық жарыста да өзінің осал емес екенін тағы бір дәлелдеп берді. Үшінші орынды жеңіп алу да екінің бірінің қолынан келетін шаруа дей алмайсыз. Жас палуанның дәрежелі орынды иеленгені өзі үшін үлкен абырой болса, қазақ күресінің палуаның дайындап шыққан жаттықтырушысы Қанат Төлепбергенұлы үшін– зор мақтаныш, ал осындай шәкірт тәрбиелеп өсірген мектебі үшін бұл- асқан мәртебе.
Жас Барыс жүлдегері осындай жеңіске жетуіне септігін тигізіп, сабақтарынан босатып, жарысқа дайындалуына бар мүмкіншілігін жасаған мектеп директоры Байғошқарова Бағдат Өсербайқызына үлкен алғысын білдіруде.
Нұрболатты биіктен көрінуіне үлес қосқан, үлкен спортқа дайындап жүрген жаттықтырушысы Қанат Төлепбергенұлын шәкірт бойына сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады. Ал жас палуанды үлкен жеңісі үшін арнайы белгімен, мақтау грамотасымен марапаттап, арнайы кубокты табыс етті.
Нұргүл РАХИМБЕКОВА
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района