Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қарабасты қарқынды дамытуға болады

10 Сентября 2014

Абай ауданының әкімі Серік Шайдаров Қарабас кентінің де тыныс-тіршілігімен танысты. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кенттің өзге ауылдармен салыстарғанда мүмкіншілігі мол. Мұнда өнеркәсіп орындары, темір жол станциясы, түзеу мекемесі және өзге де халыққа қажет әлеуметтік орындардың барлығы бар.

Абай ауданының әкімі Серік Шайдаров Қарабас кентінің де тыныс-тіршілігімен танысты. Тоғыз жолдың торабында орналасқан кенттің өзге ауылдармен салыстарғанда мүмкіншілігі мол. Мұнда өнеркәсіп орындары, темір жол станциясы, түзеу мекемесі және өзге де халыққа қажет әлеуметтік орындардың барлығы бар.
Алдымен кенттегі №15 мектепке барып, материалдық-техникалық базасын, қыс мезгіліне және оқу жылына дайындығын көрді. Көмірдің сапасына баса назар аударды. Оқулықтар жеткілікті, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы оқу жылына толық дайынбыз деп сендірді мектеп директоры.  Білім ошағы ескі болғандықтан күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.
Одан кейін аудан әкімі кентте орналасқан ірі кәсіпорындардың бірі «Қарағандынеруд» АҚ жұмысымен танысты.  Мұнда ұсақталған тас өндіреді. Бүгінде өнімі сұранысқа ие. Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» салып жатқан жаңа жолдарға, оның ішінде «Жезқазған-Бейнеу» бағытындағы темір жолға шиыршықталған тасты осы кәсіпорыннан да тасымалдап жатыр екен. Аудан әкімі болашақта кәсіпорынды дамыту бойынша қандай жобалары бар екенін сұрап білді. Ойда жоспарлары жо0 емес. Алайда әлі жетілдіруді қажет дейді басшылары. Өнімнің сапасы талапқа сай. Өздерінің зертханалары да бар екен. Әзірге Қазақстанның қажеттілігіне жарап тұр. Экспортқа шығару үшін кәсіпорынның көкжиегін кеңейту қажет.
«TАSS-2006» ЖШС-нің басшысымен де жолықты. Кірпіштің бірнеше түрін жасайтын кәсіпорынның өнімдерін өз көзімен көрді. Ел ішінде сұранысқа ие. Болашақта даму жоспарлары бар. Қажет құрал-жабдықтарды алып, орнатуда. Екі кәсіпорында да аудан әкімі жұмыскерлердің жалақысы, әлеуметтік жағдайлары туралы сұрап білді.
«Қуаныш» мектеп-балабақша кешенінің іші де, сырты да әкімнің көңілінен шықты. Замануи білім беру тәжірибесіне көшкен білім ошағы қажет заттармен толық жабдықталған. Мұнда негізінен балалар заман талабына сай компьютерді пайдалану арқылы сабақ оқиды. Ауласы абаттандырылған. Мұнда да әкім көмірдің сапасын, жылыту құралдарының мүмкіншілігін көрді.
Кентке дәрігерлік амбулатория аса қажет. Көп қабатты үйде орналасқан үш бөлмелі жанұялық амбулатория ұзақ жылдар бойы халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді. Алдағы жылдары жаңа ғимарат салу жоспарда бар. Дәрімен, қажет құралдармен жабдықталуы, бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіші әкімнің дәрігерлерге қойған басты сұрағы болды.
Мәдениет үйі мен кітапхананы, кент әкімдігін де көрді. Бос қалған ғимарат 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделген болатын. Қазір халық мерекелік іс-шараларда бас қосатын бірден-бір орынға айналған. Әдеттегідей әкім ауылдың қарияларымен кездесті. Өз кезектерінде қарттар көкейлеріндегі мәселелерін айтты. Бұл ауылда да жолдың азабын тартып келеді тұрғындар. Намазхана салынса деген тілектерін білдірді. Аудан басшысы мәселелер назарында болатынын, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана отырып, кентті көркейтуді қарастыратындарын айтты.
Соңынан кенттегі мекеме басшыларымен, аудандық бөлім басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Кент әкімі Рашид Жарылғасынов алдағы жоспарларымен бөлісті.
Серік Шайдаров Қарабас кенті бойынша қанша салық жиналады, бұл жердегі өнеркәсіп, ауылшаруашылықтың өсу деңгейі, халықтың кедейлік деңгейі, жұмыссыздық деңгейі қандай деген секілді маңызды сауалдарға жауап алды. Кенттің жер көлемі, жайылым көлемі қанша екенін сұрап білді. Халықтың күн көрісі, еңбекпен қамтамасыз етілуі, мемлекеттің бағдарламаларына кент кәсіпкерлері қатысады ма деген сұрақтар қойды.  Басшылардың жауаптары көңілінен шықпады. Бірқатар тапсырмалар жүктеді. Кентте кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, оларға жастарды тарту, мал сою пунктері мен полигон салуды жүктеді.
Кәсіпорындардың бар болғаны жақсы, алайда олар халыққа өз зиянын тигізіп жатқаны да ақиқат. Тау-тастарды қопарғанда шаң кент көгінде қалықтап тұрады. Аудан әкімі елдің денсаулығына зиян келтіретін бұл мәселені шешу керектігін айтты.
Қаланың іргесінде орналасқан Қарабас кентін көркейту үшін мүмкіндік мол. Кәсіпорындар мен мекемелерді жұмылдырып, кенттің ортасында халық үшін демалыс орнын салуға әбден болатынын айтты аудан әкімі. Кент әкіміне осындай ел игілігіне жарар жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Сайланған әкім халық үшін еңбек ету керектігін ескертті.
Асылбек ТОЙБЕК

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района