Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Аграөнеркәсіп нысанында

23 Августа 2017

Өткен аптада ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев ауданымызға жұмыс сапарымен келді.

Өткен аптада ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында депутат аудан аумағындағы «Шанс» шаруа қожалығын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожинмен және аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Мағзинмен бірге аралап көрді.
Игорь Жабяк  төрт  шаруақожалығы кіретін,  ірі фермерлік бірлестікті басқарады. Өткен жылы егіс алқабынан 25 мың тонна картоп пен,  бес мың тонна бидай алыпты. Қазір мұнда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусымдық жұмыстарға қосымша еңбеккерлер тартылады.  Облыстағы шаруақожалықтары 16 мың гектар жерді жалға алып отыр екен. «Жаңа жер кодексі  бұл жерлерді жеке меншікке алуға мүмкіндік береді, бұл шаруаларға өте пайдалы»  - дейді фермер.
Бүгінде шаруа қожалықтары заманауи техникалармен жабдықталған. Картоп тұқымын жерге сіңіріп, егін егетін 50 техника  дала төсін дүбірге бөлеп жүр. Және оларды шаруалар лизингтік жүйе бойынша сатып алыпты. Бұл шаруа қожалығы мал өсіруді де қолға алған. Соңғы жылдары асыл тұқымды ірі қара санын көбейтіп жатыр. Жетекшісі қазіргі таңда ішкі нарық та және шет елдерде ет өніміне деген сұраныс артқанын айтады. Сондықтан ауылшараушылығы құрылымдары мал басын көбейтуге көшкен. Игорь Жабяк өзі де мемлекет қолдауымен селекциялық жұмыстарға ден қойып, асыл тұқымды жылқы өсіріп жатқан жайы бар.
Шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысқан топ қожалық басшысымен жүздесіп, онымен ашық әңгімелесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Шаруаларды толғандыратын негізгі мәселелерге құлақ түрген олар бүгінде қожалықтарда өндірілетін көкөністер мен ет, сүт өнімдерінің сапасы мен нарықтағы бағасын сұрастырып, тұщымды жауаптарға қанықты.
Сонымен қатар депутат  жем-шөп, мал бордақылау мәселелерін қызу талқылады. Шаруалармен ой бөліскен Жексенбай Дүйсебаев іс-сапар соңында шаруалардың еңбегін оң бағалап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Меруерт АРҒЫН

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района