Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

6 января аким района Б.К.Асанов с рабочей поездкой посетил п.Топар.

08 Января 2018

Аудандық әкімшілік ғимаратында өткен жеке қабылдауға алғаш болып Құлайғыр ауылының тұрғыны Алтыншаш Иманбаева жазылды.

Аудандық әкімшілік ғимаратында өткен жеке қабылдауға алғаш болып Құлайғыр ауылының тұрғыны Алтыншаш Иманбаева жазылды. Қарт ана үй кезегінде тұрған немересі үшін өтініш айта келіпті. Сондай-ақ қала тұрғыны Анлеия Коротун да баспана мәселесі бойынша арыз-шағымын білдірді. Зейнеткер Любовь Глушенко өзін таныстырғаннан кейін таяуда ғана осы жұмысқа тағайындалған аудан әкімін жаңа орнымен құттықтап, еңбегіне жеміс тіледі. Мұнан кейін ол өзінің келген өтінішін жеткізді.  
Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған Бауыржан Қоңырбайұлы аталмыш мәселелерге байланысты тиісті сала мамандарына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района