Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

1 наурыз күні Абай қаласында заманауи үлгідегі жабық бассейіннің ашылу салтанатты өтті.

01 Марта 2018

1 наурыз күні Абай қаласында заманауи үлгідегі жабық бассейіннің ашылу салтанатты өтті. Алғыс айту күні қарсаңында тұрғындармен осындай қуанышты сәтті бөлісуге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров келді.

1 наурыз күні Абай қаласында заманауи үлгідегі жабық бассейіннің ашылу салтанатты өтті. Алғыс айту күні қарсаңында тұрғындармен осындай қуанышты сәтті бөлісуге Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров келді.  Сонымен қатар шараға аудан әкімі Бауыржан Асанов, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова, Абай қаласындағы бокс мектебінің негізін салушы, еңбек сіңірген жаттықтырушы, ауданымыздың Құрметті азаматы Андрей Райш, аудан ардагерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Алдымен Серік Жаманқұлұлы күрделі жөндеуден өткен жаңартылған халықты жұмыспен қамту орталығына барды. Айта керу керек,  ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыспен қамту орталығы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ұйымдық құрылым және  жаңа лауазымдық нұсқаулықтар бекітілді. Сол сияқты күту залының құрал – жабдықтары, тіркеу орны, келушілер және жұмыс берушілерді қабылдау бөлмелері ашылып, электрондық кезек орнатылды. Оған аудандық бюджеттен 8558 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Былтырғы жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу бағдарламасын жүзеге асыруда 449,3 млн. теңге бөлініп, бұл бағдарламаға 3161 адам қатысқан.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района