Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАЛ КҮНІНДЕ

01 Июня 2018

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАЛ КҮНІНДЕ

Бала деген – ғұмырың ғой арнайтын,

Бала деген – бір бақыт қой аңсайтын,

Бала деген үлкен сыйы Алланың,

Ұрпағымыз – ертең бізді жалғайтын,  – деп ақын жырлағандай ертеңгі елдің болашағы, еліміздің дамуына үлес қосатын біздің кішкентай балғын бүлдіршіндеріміз. Жаздың алғашқы күнімен бірге келетін 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні ауданда кең дәрежеде аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінің алдында балалар шеруі болып, аудан өнерпаздарының және кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен мерекелік концерт және басқа да түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күні аудан әкімі Бауыржан Асанов  көпбалалы отбасылардың үйіне бүлдіршіндерді мерекемен арнайы құттықтай барып, мерекелік сыйлық табыстады. Алдымен аудан басшысы Дубовка кентіндегі 4 баланың анасы, қазіргі таңда кішкентай баласымен үйде отырған ана Зухра Сәрсембекованың үйіне барды. Мерекемен құттықтап, бүлдіршіндермен тілдесті. Балалар өз кезегінде тақпақтарын, өлеңдерін айтты.

Бұдан кейін ат басын Агрогородок ауылына бұрып, мұнда «Алтын алқа» иегері екі отбасын құттықтады. Светлана Васильева он екі бала тәрбиелеген бақытты ана. Алды орта арнайы білімдері бар, жұмыс істеп, ата – аналарына көмектеседі. Сегіз баласы кәмілеттік жасқа толмаған мектеп жасындағы балалар. Светлана Ивановна ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, өз балаларын мақтан етеді.

Ал, Шнайдерлер отбасында он бір тәрбиеленуде. Бұл ауылдағы үлгілі жанұяның бірі. Үш баласы мектеп бітіріп, колледжде білім алуда. Ең кішкентайы бір жаста екен.

Аудан әкімі өзінің құттықтауында балаларға зор денсаулық, бақыт және олардың отбасыларына табыс тілеп, армандарын орындап, мультфильмдегі кейіпкерлермен уақытты қызықты өткізулерін қамтамасыз етті. Балаларға арналған сыйлықпен қоса, 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықты да табыс етті. «Фиксики» мультфильмдегі кейіпкерлер бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

P.S. Дана халқымыз өсіп келе жатқан баланы жас ағашқа теңейді. Егер ағашты ерекше күтімге алып, түбін әктеп, уақытылы суарып тұрса ол ағаш түзу, әрі көрікті болып өседі. Ал еркімен өскен ағаш қисайып, ұсқынсыздау болып өсетіндігі белгілі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші келешегін ойлаған ел бүгінгі күннен бастап балалардың тәрбиесіне бей – жәй қарамауы тиіс. Ал, қазіргі таңда біздің балаларымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған елде  бақытты балалық шағын өткізуде. Олар үшін мемлекет  тарапынан барлық жағдайлар жасалып, сапалы білім, саналы тәрбие үшін барлық алғы шарттарды жүзеге асыруда.

 

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

 

 

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района