Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Сейсенбі күні аудандық әкімдікте аудан басшысы Бауыржан Асановтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті

05 Июня 2018

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауыл әкімдері қатысты. 

Сейсенбі күні аудандық әкімдікте аудан басшысы Бауыржан Асановтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауыл әкімдері қатысты. Күн тәртібінде маңызды төрт мәселе қаралып, біршама тапсырмалар жүктелді.

Жиын алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі  ұлттық бюро жетекшісінің орынбасары Ерік  Есенов жемқорлықтың алдан алу және онымен күрес жөнінде  ақпарат берді. Қазіргі таңда облыс және аудан бойынша алдын алу жұмыстарға қарамастан, жемқорлық фактілерінің азаймай тұрғандығын жеткізді. Мемлекеттік қызметші болғаннан кейін үлкен беделге ие болу керек. Алайда кей кездері адамдар өз өмірін, отбасын, қарамағандағы адамдарды ойламастан қателіктер жасап жатады. Арты қайда алып келетінінен бейхабар болады. Осыған орай, парақорлықтың алдын алуда біршама жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.

Бұдан кейін мемлекеттік мекеме басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат берді.

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района