Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Coworking» – оқырмандар үшін оңтайлы жүйе

28 Июня 2018

Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді екен

Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді екен. Кітапханалардағы коворкинг орта­лық­та­ры­ның ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Өңір­де жүргізіліп жатқан «Өрлеу» жобасы шеңберінде ауыл, кент, елдімеукендердіңкітапханалары енді жаңа үлгіде жұмыс жасай бастады.

Топар кентінің қалалық кітапханасы базасында және Қарабас елдімекенінің кітапхана базасында  бой көтерген орталық «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Коворкинг орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. «Орталық замануи үлгіде жабдықталған. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған», - дейді «Нұр Отан» партиясының Абай       аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Адашев.

Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: «қоғамдық сана жаңғырту» мақаласына сәйкес, мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханалар тек қана ақпараттық орталық емес, сондай-ақ, қызығушылығы мол жандардың пікір алмасу, бірлесе оқу орталықтарына айналуы тиіс. Жаңадан ашылған коворкинг орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. Орталық замануи үлгіде жабдықталған. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған. Толыңырақ "Абай-Ақиқат" газетінен оқи аласыздар. 

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района