Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ауылды дамыту – халықтың әл-ауқатын арттыру

31 Июля 2018

Диқандар мен мал өсірушілердің тынымсыз еңбек нәтижесі өндірген өнімдерінің көлемі және сапасымен өлшенетіні белгілі. 

Диқандар мен мал өсірушілердің тынымсыз еңбек нәтижесі өндірген өнімдерінің көлемі және сапасымен өлшенетіні белгілі. Қазір ауыл шаруашылығы саласына Үкімет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмектің түрлері де, көлемі де көбейіп отыр. Шаруашылықты дамытып-өркендетуге бағытталған түрлі  мемлекеттік бағдарламаларының шапағатын көріп жатқан шаруа қожалықтары баршылық. «Тал-пынған жетер мұратқа» демекші, алдағы уақытта да шаруашылығын өркендетуге ниет қылып, талап жа¬сай¬тындардың саны арта түсері анық.

Таяуда аудан  әкімі Бауыржан Асанов пен облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сағынжан Апақашовтың  төрағалығымен осы мәселені одан әрі өрбітуді, жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен түсіндіруді мақсат тұтқан алқалы жиын өтті. Облыс орталығынан келген топтың құрамында салалық құрылымдардың басшылары болды. Жиынға шаруа қожалықтарының жетекшілері, тұрғындар, ауылдар мен кенттер әкімдері, ауыл-шаруашылығына қатысы бар аудандық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиналыста облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Апақашев етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту, ірі қара малды экспорттау және аналық мал басы санын импорттау бағдарламасы бойынша етті мал шаруашылығын дамыту бойынша ақпарат берді. Осындай кең отырыстың негізгі мақсаты етті, сүтті мал басын көбейтіп, өнімділігін арттыру үшін шетелден асыл тұқымды мал алу жолдары талқыланды. Асыл тұқымды импорттық аналық ірі қара мал сатып алуға 2018 жылға қаржыландыру жоспары да дайындалған. Ол  «Сыбаға» несиелендіру бағдарламасы  бойынша жүргізіледі. Мақсатты топ — шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, заңды тұлғалар болып табылады. Мақсатты бағытталу  — етті бағыттағы мүйізді ірі қара жас мал басын алу үшін импортталатын асыл тұқымды және таза асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу, негізгі құрал-жабдықтарды алу, айналымдық капиталды толықтыру.

2011 жылдан бастау алған «Сыбаға» бағдарламасы  - асыл тұқымды жас малды қалпына келтіру мақсатында 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін 7 жыл мерзі¬мінде жылдық 6% сыйақы мөлшерінде қарыз беріледі.

Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару мерзімі ұзақ. Шаруашылықтарға бағдарлама бойынша несие берумен қаржы институттары, яғни, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдары, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ айналысады. Несиелендіретін қаржы институттары несие алушының жеткілікті кепілдік базасының және өзге кіріс көздерінің болуын талап етеді. Қойылған кепілдік мүліктің құны алынған несиенің 130 пайызын жабуға жеткілікті болуы қажет. Ал несие алуға ниетті азаматқа  төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы, салыққа, бюджетке, өзге де міндетті төлемдер бойынш қарызының болмауы, малды өсіруге қажетті инфрақұрылым, қора-жайы, суат көзі, мал жайылымы, қорасында бұрыннан бағып, өсіріп отырған малының болуы және басқа да талаптар қойылады.

Жиынға қатысқан «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бас маманы Еркебұлан Тойжігітов, Аграрлық несие Корпорациясы жетекшісінің орынбасары Эльмира Сардарбекова және басқа да жауапты тұлғалар өз салалары бойынша хабарлама жасады. Олар өз сөздерінде шаруашылықтарды өркендету, жерді, табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп саласын дамытуға берілетін қаржылай көмектерді алу және тағы да басқа ауыл еңбеккерлерін қызықтыратын мәселелер бойынша кең көлемді түсінік берді.

Жиынға қатысушылар арасында көкейлеріндегі өздерін мазалайтын сауалдарын ортаға салушылар істі ілгері бастырту мақсатында нақты ұсыныс  білдіргендер саны аз болмады. Олардың сауалдарына тиянақты жауаптар беріліп, ал пікірлер қолданыстағы заңнама талаптары тұрғысынан сарапқа салынды.

Келелі кеңес түйінінде аудан әкімі Бауыржан Асанов тиісті құрылымдар басшыларының алдына біршама міндеттер қойып, тапсырманың талап тұрғысында орындалуы тиіс екендігін ескертті. Аудан басшысы облыстан келген топ мүшелеріне нақты нәтижелерге негіз қалайтын маңызды жиынды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Иә, аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бастарын қосып, шаруашылықтарды дамытуға кедергі болып тұрған түйткілді мәселелерді шешу жолдарын талқылаған алқалы жиынның істі ілгері бастыруға айтарлықтай ықпалы болары күмәнсіз.

Меруерт Арғын

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района