Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Назарда құрылыс жұмыстары

06 Августа 2018

Аудан басшысы Бауыржан Асанов қаладағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралап шықты. 

Шаһардағы ең ұзын көшелердің бірі болып саналатын Железнодорожная көшесінің бойына кәріз құбырлары салынуда. Бүгінде жұмыстардың басым бөлігі атқарылған. Сонымен қатар, екінші ықшам ауданнан бастау алған жаяу жүргіншілер жолының құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын. Аудан әкімі жауапты мамандар мен мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмысты дер кезінде, сапалы тапсыруды тиянақтады. 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района