Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Белгілі тарихшы Т.С.Тулеуовтің және археолог-тарихшылар И.А. Кукушкиннің, А.И. Кукушкинің «Қарағанды облысы Абай ауданының археологиялық картасы» кітабының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Асыл жан» қоғамдық бірлестігімен жарыққа шыққан «Абай ауданының киелі жерлері» электронды кітабының тұсаукесер рәсімі Абай қаласында 2019 жылдың 17 сәуірде өткізілді

17 Апреля 2019

Белгілі тарихшы Т.С.Тулеуовтің және археолог-тарихшылар И.А. Кукушкиннің, А.И. Кукушкинің «Қарағанды облысы Абай ауданының археологиялық картасы» кітабының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Асыл жан» қоғамдық бірлестігімен жарыққа шыққан «Абай ауданының киелі жерлері» электронды кітабының тұсаукесер рәсімі Абай қаласында 2019 жылдың 17 сәуірде өткізілді

Белгілі тарихшы Т.С.Тулеуовтің және археолог-тарихшылар И.А. Кукушкиннің, А.И. Кукушкинің «Қарағанды облысы Абай ауданының археологиялық картасы» кітабының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Асыл жан» қоғамдық бірлестігімен жарыққа шыққан «Абай ауданының киелі жерлері» электронды кітабының тұсаукесер рәсімі Абай қаласында 2019 жылдың 17 сәуірде өткізілді.
Бүгінде ауданда барлық тарихи дәуірдің материалдарын қамтитын 162 археологиялық ескерткіштер бар.
Бірлік үшін маңызды Абай ауданының киелі жерлері мен жалпы тарихи естелік орындар анықтай келе, абайлықтар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жалпыұлттық жобасына қосылып, оның бір бөлшегі болды.
«Абай ауданының киелі жерлері» электронды кітабында төрт бағыт ұсынылған: ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер және сәулет ескерткіштері, тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар, саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар.
Тұсаукесер рәсімінде Мәдениет Үйі фойесінде Абай жұртшылығына Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы және «Сарыарқа» археологиялық институтының «Сарыарқаның тарихи-археологиялық қазынасы» атты жәдігерлер көрмесі мен Абай ауданының орталық кітапханасының көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесу бағдарламасында – «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ мен «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ арасында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен насихаттауда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға, 15 ауылдық және кенттік округтері әкімдерінің Сақтау міндеттемелеріне қол қою.
Аталмыш іс-шараға «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің басшысы Е.М. Ағымбаев, «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КМҚК-ның директоры Т.С.Тулеуов, археолог ғалым И. А. Кукушкин, белгілі этнограф-ғалым Т.Т. Аршабеков, Абай ауданының зиялы қауым өкілдері, тарих және өлкетану пәндерінің мұғалімдері, кітапханашылар мен туған жер тарихына қызығушы жастар қатысты.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района