Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Баспасөз хабарламасы

29 Апреля 2019

Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Мемлекет жеке көмекшінің, ымдау тілі мамандарының қызметтерін, мамандандырылған оңалту орталықтарында оңалтудан өту мүмкіндігін ұсынады, гигиеналық құралдармен, жүріп - тұру құралдарымен, тифло-және сурдо-құралдармен қамтамасыз етіледі.

Абай ауданында 2751 мүгедек тұрады. Бүгін Абай ауданында оларға арналған инватакси қызметі ашылды.

Мұндай қызмет біздің облыстың жеті қаласында көрсетіледі. Ауылдық аудандар арасында алғашқысы Абай ауданы болды.

Бюджетті қалыптастыру кезіндегі қиындықтарға қарамастан, осы мақсаттарға (7019 мың теңге) қаражат бөлінді.

29 сәуір күні МҮ алаңында өткен тұсаукесерде аудан басшысы Бауыржан Асанов Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық және өзге де қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып, инватакси қызметі жаңа шыңдарды бағындыруға, ауылдық округтерді концерттермен аралап, көрмелерге, театрларға және т.б. қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Инватакси қызметтері ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, барлық аудан бойынша көрсетілетін болады. Мамандандырылған автокөліктің қызметін 1 топтағы мүгедектер мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсеткіштері және бөлме мен серуендеу кресло-арбаларымен қамтамасыз ету үшін медициналық көрсеткіштері бар мүгедек балалар пайдалана алады.

Инватакси қызметтерін ұсынуға арналған мемлекеттік сатып алулар конкурсын Шахтинск қаласының «Азаматтардың бастамасы» ИҚИ жеңіп алды. 2 автокөлік ұсынылады: жеңіл және шағын автобус.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района