Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қазақстан жерінде Ұлы Отан соғысының ешқандай шайқасы болған жоқ, бірақ миллиондаған қазақстандықтар жауды жеңуге әскер аттандырып еңбек етіп үлестерін қосқан

09 Мая 2019

Қазіргі Абай ауданының аумағынан майданға 700-ден астам адам аттанған болатын

Қазіргі Абай ауданының аумағынан майданға 700-ден астам адам аттанған болатын. Олардың есімдері біздің қалалық саябақта орналасқан «Даңқ» мемориалының қабырғасында жазулы тұр.

Бүгін таңда, «Мәңгі алау» алаңында салтанатты шеру өтті.

«Батырларға тағзым» шерудің қатысушылары бүгінгі ұрпақтары  үшін ерлік жасаған туыстарының және достарының портреттерін қолдарына  ұстап, тізү саппен жүріп өтті.

Гүл орналастыры рәсімі өтті. Бір минуттық үнсіздіктен кейін аудан әкімі Бауыржан Асанов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол біздің халқымыздың ұлы ерлігін ешқашан ұмытпау және де ардагерлерімізге қамқорлық көрсету біздің тікелей парызымыз деп ескерген болатын.

Сарбаздар, кадеттер және Ұландықтар салтанатты шеруде жүріп өтті.

Гала концертте тыл және соғыс ардагерлері әскери шатырға шақырылды. Қала тұрғындары үшін әскери – далалық  ас үй ұйымдастырылды. Кез келген адам сол жерде әскери ботқадан  дәм татып, спорт жарыстарына қатыса алды.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района