Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан мектептерінің арасында «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбы бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында өткізілген сурет бәйгесі өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған оқу барысында жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары бизнес жүргізудің заңдық, эономикалық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ маркетинг пен менеджментті оқып, бизнес-жоспар құруды үйренді Кәсіпкерлер палатасының оқытушы бизнес тренерлерінің пікірінше, аталған курс кәсіпкерлік негіздерін танып, түсінуге көмектескен.
Рамазан айының аяқталуымен келетін үш күндік Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Үш күн тойланатын Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамның саяси – әлеуметтік өміріне қуатты серпін берді. Мемлекет басшысының салиқалы сөздері мен парасатты пікірлері өркениет әлеміне нық қадам басуға даңғыл жол ашты. Төл тарихымызды таразылап, бабалар рухын асқақтату, туған жер мен елге адал қызмет ету әр саналы азаматтың өмірлік мұраты екені мақаланың негізгі өзегіне айналған.
Медиация даулы істерді үшықтырмай шешуге, сол арқылы қоғамдық шиеліністі азайтуға ықпалын тигізеді.
Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Халқына Жолдауында: «Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.
«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.
Өткенді танымай жатып, болашаққа жоспар құру мүмкін емес. Архивті халықтың жады деп атауға болады. Дәл осы жерде құнды құжаттар тырнақталып жиналады, дәл осы жерде біздің бар өміріміздің тарихы түймедейден бастап басыбайлы оқиғаларға дейін сақталады.
Мемлекеттік қызметші – ол қандай болуға тиіс? Ол біліктілігімен қатар білімі де жан – жақты, зияткерлігі де жоғары болуы керек.
Халық үшін қоғамдық тәртіптің сақталуы елеулі орын алады. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті: қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, қылмыс жасаған адамдарды жауаптыққа тарту болып табылады.