Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ауданның жаңалықтары

22 Маусым 2011

8 маусым күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қарағанды облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары О.А.Оразханның қатысуымен семинар-жиналыс өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Жүніспекова ашып, жүргізіп отырды. Оның жұмысына ауыл-кент әкімдері мен мекеме-ұжым, бөлім басшылары қатысты.

06 Маусым 2011

25 мамыр - барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылып, балалар жазғы демалыстарына шығатын шуақты күн. Ал мектеп қабырғасымен қоштасатын түлектер үшін қуаныш пен қимастық сезімі арпалысатын сәт.

25 Мамыр 2011

Газетіміздің бұған дейінгі сандарында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Абай қаласының 50 жылдығына арналып «Әнім саған, туған жер» атты халық шығармашылығының көркемөнерпаздар байқауы өтіп жатқанын жазған болатынбыз. Байқау соңына да келіп жетті. Әр ауылдан үздік өнерпаздар іріктеліп, гала концертке қатысуға мүмкіндік алды.

23 Мамыр 2011

9 мамыр - Жеңіс күні бұрынғы КСРО халқы үшін мәңгілік ұмытылмайтын ұлы мейрам. Жеңіс мейрамы – елдіктің, ерліктің мейрамы, халықтың қажырлығы мен мызғымастығының символы. Өткен аптада ұлы Жеңістің 66 жылдығын атап өттік. Тағы бір мәрте ата-бабалар ерлігі мен еңбегін ұлықтадық, тағзым еттік.

14 Мамыр 2011

Мамыражай мамырдың 4-і күні Абай қаласындағы «Жігер» стадионында дәстүрлі аудандық «Ұлан» әскери-спорттық ойыны өтті. Мектептің жоғары сынып оқушылары қатысқан бұл тәрбиелік мәні зор байқау Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Абай қаласының 50 жылдығына арналды.

13 Мамыр 2011

Жыл сайын 1 мамыр күні Қазақстан шаңырағының астында өмірін өрбітіп жатқан жүздеген ұлт пен ұлыс тасбекем татулығы мен жарасқан бірлігін паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамына айналды. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

05 Мамыр 2011

Бейсенбі күні Топар кентіндегі Абай атындағы мектеп-гимназиясында дәстүрлі аудандық жас жол инспекторларының слеті болып өтті. Оған ауданымыздың 11 мектебінен 110-ға  тарта бала қатысты. Отансүйгіштік пен қайртыттылыққа баулыған жарыс Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Абай қаласының 50 жылдығына арналды.

04 Мамыр 2011

Сейсенбі, 27 сәуір күні күн ұясынан оқ бойы көтеріле Жаңа Қараған кентіндегі АК 159/5 түзеу мекемесіне жол тарттық. Көктем шығып, жер ана көктегенмен осы күні солтүстіктен суық жел соғып тұрды. Жұқа киінген жұртты әжептәуір жауратты. Абай қаласына таяқ тастам жерде орналасқан коллонияга келген себебеміз – мұнда жазасын өтеп жатқан адамдарға адвокаттармен, нотариус өкілдерімен кезекті кездесу ұйымдастырыпты.

04 Мамыр 2011

Мұғалім – әманда қоғамның сыйлысы әрі қадірлісі, мектеп тірлігінің басты адамы болып табылмақ. Ұстаздар қауымы әрдайым балалардың санасына тек қана өмірдің жақсылығын үйретіп, жас бүлдіршіндерді үлкен өмірге қанаттандыратын тұлға, кеңесші, ақылшы, тәрбиеші.

23 Сәуір 2011

Грант жеңіп алды
Өткен аптада аудан әкімі Е.Е.Нашаров облыс әкімінің грантын жеңіп алған Құрма ауылының «Родники» этно-мәдени бірлестігін құттықтады. 1967 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан өнер ұжымының алған асулары аз емес. Барлық мерекелік, қоғамдық шараларға белсене қатысып, жастарды өнер, білімге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде.

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49
© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района