Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«Орталық Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 06 қазандағы № 07-1-1-33/251 ұсынысы негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құстар арасынан сальмонеллез ауруының анықталуына байланысты, Абай ауданының Құрма ауылындағы «Орталық Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.  
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.


Абай ауданының әкімі
Шайдаров С.


 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района