Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Кұлаайғыр ауылдық округі, Жаман-Жол ауылында орналасқан Л. Шлотгауэрдің жеке ауласының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 ) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 05 шілдесіне № 07-1-1-33/121 ұсынысының негізінде Абай ауданының әкімдігі


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

         1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты Кұлаайғыр ауылдық округі, Жаман-Жол ауылында орналасқан Л. Шлотгауэрдің жеке ауласының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

          2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары  Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңңамасына сәйкес өткізілсін.

          3. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін .

         4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Абай ауданы әкімінің м.а.                                                          М. Магзин

 

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района