Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 06 «Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерту енгізу туралы

ЖОБА

 

Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы

21 қазандағы № 06

«Абай ауданы бойынша сайлау

учаскелерін құру туралы»

шешіміне өзгерту енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

1. Абай ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 06 «Абай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3506 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қарашадағы № 47-48 (4100) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 13 сәуірінде жарияланған) шешіміне  мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған шешімінің қосымшасы осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К.Б. Кабдуалиеваға жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай ауданының әкімі                                                      Б. Асанов


© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района