Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«2011 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»

 

2010ж.14.12. №28/16 қаулы
Әділет басқармасында 2010ж.30.12. №8-9-95 тіркелген

Абай аудандық апта сайынғы «Абай-Ақиқат» газетте 2011жылдың 7 қаңтарында  №1жарияланған 


«2011 жылға қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
туралы»



Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен  қамту  туралы»  Заңына,  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі   басқару   туралы»   Заңына   және   Қазақстан   Республикасы  Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесіне сәйкес Абай  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері осы қаулыға қоса берілген қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасында бекітілген ең аз еңбекақысынан төмен емес, толық емес жұмыс күні немесе оралымды кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбек төлемі жергілікті бюджет қаражатынан қамтамасыз етілсін.
4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (Баян Райқанқызы Муталяпова) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға үлгі шарттарды жасасын.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 28/05 «2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда № 8-9-69 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 және 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 17 «Абай-Ақиқат» аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысы және Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 11 наурызындағы № 04/27 «Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 28/05 «2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Абай ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 8-9-78 тіркелген, 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 «Абай-Ақиқат» аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы  қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.



Абай ауданының әкімі                                                                               Е. Нашаров
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района