Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

«2011 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы»

 

                                                                                                                 Жоба


«2011 жылға Абай ауданында
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру жөніндегі
шаралар туралы»



Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының   2001 жылғы  23  қаңтардағы  «Халықты  жұмыспен  қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған тәртіпте Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашсын.
2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  (Баян Райқанқызы Муталяпова):
1) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыс жүргізсін;
2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен шарт жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
5) нысаналы топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50%  мөлшерде қамтамасыз етсін.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақыдан 50% мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақыдан 50% аз емес мөлшерде.
4. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ережесі бекітілсін.
5. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 28/07 «2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы (Абай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда № 8-9-70 тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 және 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 16 «Абай-Ақиқат» аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) және Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 4 наурызында № 03/01 «Жол картасы» бойынша 2010 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысының (Абай ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 12 наурызында № 8-9-76 тіркелген, 2010 жылғы 19 наурызындағы № 14 «Абай-Ақиқат» аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
        

Абай ауданының әкімі                                                                    Е. Нашаров
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района