Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай қаласында жылу энергиясын тұтынудың нормаларын бекіту туралы

 

Абай қаласында жылу
энергиясын тұтынудың
нормаларын бекіту туралы


 
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 400 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерiн бекiту туралы» № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес және жылу энергиясын тұтынудың нормаларын анықтау үшін ұсынылған есепке алулардың негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Жылу энергиясын коммерциялық есепке алудың аспабы жоқ Абай қаласының тұрғын үй-жайлары үшін жалпы ауданның бір шаршы квадратына жылу энергиясын тұтынудың нормасы жылыту кезеңіне бір айда 0,0329 гекокалория/ш2 көлемде бекітілсін.    
2.    Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.
3.    Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн аяқталысы бойынша әрекетке енгізіледі.


Абай ауданының әкімі Е. Нашаров


Орынд.С.Оспанов8(72131)42954
А.Сұрауханова     8(72131)40590
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района