Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамыр күнгі «Абай ауданы бойынша сайлау учаскесін құру туралы» № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 


Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №3 шешімі

Абай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылдың 19 қаңтарында №8-9-100 тіркелген
Аудандық апта сайынғы «Абай-Ақиқат» газетте 2011ж.28.01. №4 жарияланған



Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы
18 мамыр күнгі «Абай ауданы
бойынша сайлау учаскесін
құру туралы» № 3 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы



    Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйек күнгі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциалық Заңының 23 бабына сәйкес және ғимараттың баланстық тиістілігінің өзгеруіне және қайта жабдықталуына байланысты Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
               1. Абай ауданы әкімінің 2007 жылғы 18 мамыр күнгі, Абай ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 21 маусым күні № 8-9-32 тіркелген «Абай ауданы бойынша сайлау учаскесін құру туралы» № 3 шешіміне (2007 жылғы 23 мамыр күні аудандық «Абай ақиқат» газетінің № 25 басылған) келесі өзгерістер енгізілсін:
               1) 1 тармағындағы «№597 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы, Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Абай ауданы бойынша Басқармасы» сөздері «№597 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы, «Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 3 шағын ауданы, 42 үй» сөздерімен ауыстырылсын;
                2) 1 тармағындағы «№598 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы,  № 5 орта мектеп, 3 шағын аудан, 42 үй» сөздері «№598 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы, «Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 3 шағын ауданы, 42 үй» сөздерімен ауыстырылсын;
                3) 1 тармағындағы «№599 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы,  № 5 орта мектеп, 3 шағын аудан, 42 үй» сөздері «№599 сайлау учаскесі, орталығы Абай қаласы, «Абай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 3 шағын ауданы, 42 үй» сөздерімен ауыстырылсын;


                 2. Осы шешім бірінші ресми басылымға шыққан күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

Абай ауданының әкімі                                                    Т.Алтынбеков

Келісілді

Абай аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                  Қ.Әшімов

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района