Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Сәрепті селосы Қойбас елді-мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 ) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара және ұсақ  малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Сәрепті селосы Қойбас елді мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары  Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын Абай ауданы әкімінің орынбасары    М.А. Бимағанбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Абай ауданының әкімі
А. Елжасов

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района