Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Самарка ауылының тарихы

 

Ауыл тарихы

Самарка ауылдық округ орталығы Самарка-Абай ауданының ең ескі ауылдың бірі болып саналады. Самарка селосы 1904 жылы 22 қыркүйекте ұйымдастырылған деп есептеледі. 1911 жылы 22 қыркүйекте Дальники Захаровский волость деп аталатын көшпелі ауыл учаскесінде, ауылдық қоғам негізінде, жаңа құрылыс «Самарское» деп аталды. Ауылдың атын диқан шаруалар өзгертіп, бұрынғы тұрған жерінің «Самарская губерния» атын берді.
Самарка ауылы Нұра өзенінің жағасында, Қарағанды қаласының батысында 95 шақырым және аудан орталығы Абай қаласынан 77 шақырым жерде орналасқан.
1931 жылы ауыл аймағында тұтқындарға арнаулы «Карлаг» лагері ашылды. Сотталғандар жеміс жидек, өсіру үшін Нұра өзенінен көтеріп 12 шақырым арық салып, арықтын екі жағына ағаштар отырғызылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары жеміс – жидек өсіру, қосымша сала сүтті ірі қара мал өсіру болды.
Ауылдық округ аймағы барлығы 76659 га, оның ішінде ауылшаруашылық жер көлемі 70708 га. Самарка ауылдық округта 5 елді мекен: Самарка, Бородиновка, Пруды, Огороды, Изумрудное бар. Ауылдық округта 1211 адам тұрады, оның ішінде 668 экономикалы белсенді тұрғындар. Қазіргі уақытта 369 аула, барлық үйлер бір қабатты пеш отымен жылу беріледі.
Самарка ауылдық округта Изумрудное ауылында су жүйесі бар. Басқа елді мекендерде су құбыры жоқ, оларда әр үйдің жанында өздерінің су құбырымен (скважина) қамтылған. Ауылдық округі барлығы электірленген, «Қазақтелеком» байланыс бөлімімен телефон орнатылған, «Казпочта» пошта байланысы бар, үйлерге газды Шахтинск қаласының «Алаугаз» арқылы тұрғындарға қамтамасыз етіледі.
Кіші кәсіпкер субъектісінде 30 адам жұмыс атқарып, тұрғындарға өнеркәсіп және тұтыну товарларымен қамтиды, қоғамдық тұтыну округ аймағында 36 қожалық субъектілері тіркелген: 35 шаруа (фермер) қожалықтары және 1 өндіріс кооперативі 170 адам жұмыс атқарып мал шаруашылығымен, қартоп отырғызу және шөп шабу жұмыстарымен шұғылданады. Ауылдық орталық көшесінде барлық әкімшілік-мәдени ғимараттар шоғарланған: отбасы дәрігер амбулаториясы күндізгі 10 койка орны стационармен, 180 оқушы оқитын Самарка орта білім беру мектебі, ауылдық модельді кітапхана. Самарка ауылында 2011 жылдың 1-ші қыркүйегінде мына объектілер: орта мектебіне қарасты мини-центр «Қарлығаш» және ауылдық клуб ашылды.
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района