Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Топар кентінің тарихы

Топар кенті тарихы

Әскери жылдардан кейін Топар лагер бөлімшесі Чурубай-Нұра өзенінің жағасында пайда болды. Чурубай-Нұра өзенінің жағасы болашақ су қоймасының пайда болуына тамаша жағдай келтірді.
28.09.1949 ж. Қарағанды облысы полкомының шешімі бойынша Жаңа Қарағанды ГРЭС – 2 салу шешілді.
19.01.1953 ж. СССР электр қуаты министрлігімен Жаңа Қарағанды ГРЭС – 2 салу жобасы бекітіліді.
16.03.1954 ж. Қарағанды ГРЭС – 2 - нің бірінші тасы қаланды, Топар кентін тұрғызу жұмысы басталды.
50 – ші жылдардың басында Топар кентінің аймағы батпақты, шалшықты жер болды. Бірінші күндерден бастап кент тұрғындары шын жүректерімен тал егіп, кенттің болашағына жол ашты. Кент жылдам қарқынмен өсе бастады. Топар кентінің едәуір өскенің ондағы мектептер мен бала-бақшалардың көбеюіне байланысты көруге болады.
50 – ші жылдардың ортасында Топар кенті қатысушылар саны 25 болса. 1963 ж. 750 дейін жетті, ал 60-шы жылдарда бұл сан 1500 оқушыға дейін өсті. 15 – жылдың ішінде қатысушылар саны 60 есе көбейді.
ҚарГРЭС – 2 салу кезінде 35 ұлт өкілі қатысты, оның ішінде: әзірбайжан, армиян, башкырлықтар, беларустар, балгарлықтар тағы да басқа ұлт өкілдері салу кезінде болды.
Кентте 5-ші кварталда 2 – қабатты үйлер және барак үлгідегі жетінші кварталда үйлер салына бастады.
Топар кентінің пайда болу кезінен бастап кентте көптеген бала-бақшалар болды. «Колобок», «Красная Шапочка», «Ручеек», «Огоньки», «Солнышко» атты бала-бақшалар кентті гүлдендіріп тұрды. Мепктепке дейінгі балалардың барлығына бала-бақшаларда орын жеткілікті болды.
Сонымен қатар бесінші және жетінші квартал да көркейе бастады. Жаңа емхана салынды, онда емделушілерге арналған 250 төсек орналасқан, поликлиника, жаңа дәріхана. «Юность» кафесі автобус аялдамалары және дүкендер ашыла бастады. Ең басты тұрғындарды қуантарлық жаңалық «Энерегетик» мәдениет сарайының ашылды. Су қоймасының жағасында жұмыскелер үшін бау-бақшалар өсіретін жерлер ашылды, кент тұрғындары барлық жеміс-көкеністермен қамтамасыз етілді.
Топар кенті өсіп көркейе бастады. 1973 жылы Топар кенті Карағанды облысы Мичурин ауданының орталығына айналды.
1964 жылы кентте электр техникумы, жұмыскрлерді жабдықтау орталығы, пошта, ас суын тазарту орталығы ашылды және Қарағанды ГРЭС -2 – ге дейінгі баратын жол және Топар кенті жолдары жөндеуге алынды. Сонымен қатар кентті көркейту жұмыстары жүргізілді: тал егу, бала-бақшалар салу, емхана маңын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі кезде кентте Абай атындағы мектеп-гимназия, Корниенко атындағы орта мектеп, Б. Момышұлы атындағы орта мектеп, көркемөнер мектебі, № 8 кәсіптік лицей, бір кітапхана, «Дошкольник», «Ақерке», «Айналайын» атты бала-бақшалар мен мекмелер бар.
Топар кентіндегі заңды тіркелген 162 сауда нүктелері бар, оның ішінде «Лига» дүкені сатып алушылардың барлық талаптарын қанағаттандырады, 8 дәріхана оның ішіндегі 1-уі күні - түні жұмыс істейді.
Сонымен қатар 6 кафе жұмыс істейді, жұмыстан кейін жұмыскерлер барып жайлы демалу үшін.
Қарағанды Компартия ЦК шешімі бойынша Қарағандыд ГРЭС-2 1976 жылы алтын кітапқа енгізілді.
Қарағанды ГРЭС – 2 жақсы көрсеткіштері бойынша Қарағанды облысының мәртебелі тақтайында 16 рет орын алды.
1962 жылдың 12 –ші маусымы Қарағанды ГРЭС -2 – нің туған күні.
1963 жылдың 02 шілдесі Қарағанды облысы шешімі бойынша Топар кенті қалашық атағына ие болды.
Топар кенті қазіргі кезде демалыс орталығы ретінде және де әдемі суқоймасымен елге белгілі. Өзен жағасында қазіргі кезде 40 шақты демалыс орталығы бар.
Қазіргі кезде Топар кентінде 11 мыңға жуық тұрғындары бар.
Адамның өсуі, гүлденуі, кәсіпорынның дамуы уақыт сияқты орынында тұрмайды сол сияқты ГРЭС АҚ «Корпорация Казахмыс» Қарағанды ГРЭС – 2 нің заңды мұрагері өзі туралы замаңға сай мәлімдейді.
Қазіргі кезде Топар кенті жасыл – желек орталығы ретінде белгілі.
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района