Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Жартас ауылының тарихы

ҚАРАҒАНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТАРИХЫ

Карагандинский совхозы Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі орталығында ЖАРТАС Селосында 1961 жылы ұйымдастырылған. Жартас селосы Қарағанды облысы орталығынан 47 км және Абай ауданы орталығынан 17 км. орналасқан. Округке: Восход, Қарақоға, Поливное, Жартас кіреді. Округте 1776 тұрғындар 589 жанұя тұрады, ұлт бойынша:
Қазақтар-9%, украиндықтар -14%, белорустар-8%, немістер-3%, татарлар-5%, башқұрттар-2%, литовтық-1%, орыстар-49%, басқа ұлттар-49%. Жартас селосы аумағында – Карлаг ӨОБ өндірістік орталық бөлімі орналасқан, реприссияға ұшырағандар көкөніс, картошка өсірумен айналысқан, жеміс бағы отырғызылған, ағаштар отырғызған, сол сияқты ауылшаруашылық өнімдерін суару үшін су қорғау орталығынан су соратын станция және насос жүргізілген.
1961 жылы Карлаг бөлімі базасына «Карагандинский» көкөніссүт племзауыты ұйымдастырылған. Көкөніс, картошка өсірумен айналысады және қызыл дала тұқымы - жануарлар тұқымы өсіріледі. Тұқымдық жұмыста сүтті сиырлар табыны бар, Мәскеу қаласының көрмесіне («Ария» сиыры бір жылға 16 тонна сүт) қойылған. Черенкова Надежда Николаевна 4 мың литрден көп сүт сауған, Нехонова Ольга Ивановна, Воробьева Наталья Иосифовна, Базуева Раиса Егоровна, Коваленок Наталья Владимировна – бұл сауыншылар 3 мың литр сүттен артық сауған. Шаруашылықтың бас зоотехнигі Шаберт Виктор Владимирович, зоотехник – селекционерші Гайдуков Владимир Петрович.
Ауылда белгілі картошка өсіруші Андреев Вадим Мефодьевич тұрған, өсімдік өсірумен жоғарғы көрсеткіші үшін екі реет Ленин орденімен мараптталған, Бригадирлер – көкөніс өсірушілер Дроворуб Нина Петровна, Ракишева Амина, бөлім басқарушылары Клименко Геннадий Романович, Ескин Иван Павлович, Абселев Хабас Жаканович.
Ауыл округінде автомобильдер жолдары өзара байланысқан, темір жол станциясы 47 км арақашықтықта орналасқан. Бұл уақытта Қарағанды ауылдық округі аумағында 27 шаруа қожалығы бар, олар астық тұқымдарын өсірумен, көкөністер, картошкалар, шөптер өсіреді, ауылшаруашылығымен айналысады, сол сияқты 14 жеке кәсіпкерлер қызмет жасайды.
Ауылда мәдениет орталығы – ауылдық Мәдениет Үйі, «Жұлдыз» бала бақша мектеп Кешені бар. Мұнда 3 жастан 6 жасқа дейін 50 орындық 2 топ жұмыс істейді. Сол сияқты ауылдық дәрігерлік амбулатория, байланыс торабы, телекоммуникация бөлімі, кітапхана, барлық халықтар үшін сиыну үйі, шіркеу үйі бар.
Ауыл территориясында репрессияға ұшырағандардың балалары жерленген Саяси репрессия құрбандарын еске алу мемориалы «Мамочкина кладбищі» орналасқан. Соғыста қаза тапқан А.И. Присекин майорының ескерткіш-моласы бар.
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района