Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Агрогородок ауылының тарихы

 

Мичурин ауылдық округінің тарихы.

Қарағанды облысы Абай ауданы Мичурин ауылдық округі 1962 жылы құрылған, Абай қаласы аудандық орталығынан 13 шақырым қашықтықта және Қарағанды қаласы облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.
Елді мекеннің аймағы 12 981 га құрайды. Ауылдық округтің аймағында үш елді мекен орналасқан: Агрогородок ауылы – аулалық орталығы (894 адам), Ягодное ауылы (205адам) және Садовое ауылы (207адам). Ауылдық округте барлық 1 306 адам тұрады, сонын ішінде 778 адам экономикалық белсенді тұрғындар қатарына жатады.
Ауылдық округтің тарихы 30 – 50 жылдарында еңбектік – түзеу яғни Карлагтің құрылуына байланысты, оны үш кезеңге бөлуге болады:
1. 40 жылдарынан 1963 жылдарға дейін – Карлаг, Мичурин совхозының құрылуы.
2. 1963 жылдарынан 1998 жылдарға дейін Мичурин совхоз техникум, Мичурин агрофирма – техникумі.
3. 1998 жылдарынан казіргі уақытқа дейін – шаруа қожалықтарынын құрылуы, Мичурин аграрлы техникалық колледжі.
Ауылдық округте шаруашылықтың негізгі бағыты картоп өндірі және жеміс өндіру болып табылады.
Округ бойынша барлық 21 шаруашылық субъектісі жұмыс жүргізеді: оның ішінде «Агро-Арна» ЖШС, 7 шаруа қожалығы («Тұлпар», «Қарлығаш», «Надежда», «Барс», «Заря», «Жардем», «Джавтаев») Мичурин аграрлы техникалық колледжі – қосалқы шаруашылығы, 13 жеке кәсіпкерлік (оның ішінде 6 дүкен: «Татьяна», «Катюша», «Барс», «КЕНТ», «ДИСА», «Светлана»), 1 су және канализация («Плекан» ЖК), 1 шаштараз («Мищенко Т.Г.» ЖК), 1 мектеп асханасы («Ящирицина» ЖК), және 3 тұрғындар. Округте үй жануарларын жасанды ұрықтандыру пункті бар. Тұрғындар орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және канализация қызметін пайдаланады (485 адам).
Ауылдық округ электр жүйесімен, «Қазақтелеком» телефон қызметімен жабдықталған, почта жүйе бөлімі жұмыс істейді.
Мичурин ауылдық округінде әкімшілік – мәдениет ғимараттарының барлығы орналасқан: Агрогородок ауылында фельдшерлік акушерлік пункті, Мичурин аграрлы техникалық колледжі 500 - ден астам студент оқытылады, Мичуриндық негізгі жалпы білім беру мектебі 113 оқушы, ауылдық мәдениет үйі, ауылдық модельдік кітапхана, «Балдаурен» балабақшасы – 55 бала.
Округте Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалім Скорупская Г.И. тұрады.


Мичурин ауылдық
округінің әкімі М.И. Садықов

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района