Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Көксу ауылының тарихы

 

Көксу ауылдық тарихы.

Көксу ауылы 1941 жылдан бастап өз тарихын бастайды. Осындай атымен учаскі құрылды және КарЛАГ еңбек – түзету колониясының 7-ші Джартас бөлімінің жүйесіне кірді. КарЛАГ-та 2 млн. астам тұтқындар болған, негізінде отырғандардың көбісі саяси, «халық сатқыны» деп аталатындар болған. Осы жүйе орталық Қазақстанның көмір – металлургия кәсібінің дамуына байланысты азық-түлік базаны құру үшін өткен ғасырдың 30-шы жылдары құрылды.
Көксудің өзінде және ауылының жанында лагерлер жүйесі орналасқан. 1968 жылдың 12 сәуірде Көксу совхозы құрылды, облыстын көкеніс – сүт бағытында дамыған шаруашылықтардың бір болды.
1996 жылы «Коксунский» базасында бір бөлімінен «Астра» ЖШСА құрылды, голландия жүйесі бойынша облыста бірінші болып көкеністі және картопты өсіруін менгерді.
Қазіргі уақытта Көксу ауылдық округінде 5 елді мекен кіреді: Көксу а, Южное а, Жартас а, Северное а және Зеленые ключи а. Халық саны 1908 адам.
Округ аумағында 3 үлкен шаруа субъектілері орналасқан: АК 159/9 мекемесі, «Жартас» шипажайы, «Астра - Агро» ЖШС. 28 қожалық шаруашылығы тіркелген. Мәдение үйі, кітапхана, Көксу орта білім беру мектебі, «Ақбота» балабақша – мектеп кешені, «Ақбұлақ» балабақша – мектеп кешені, пошта байланысы және Қазақтелеком, фельшерлік акушерлік пункті және Жартас а. фельшерлік пункті округ аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта Көксу ауылдық округті дамытуға және көркейтуге нобай жобасы құрастырылды.


Көксу ауылдық округінің әкімі Г.П. Журавицкая
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района