Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Юбилейное ауылының тарихы

 

Юбилейное селосы туралы мәлімдеме

Юбилейное селосы, Абай ауданындағы селолық округтің орталығы. Абай ауданының оңтүстік–батысында орналасқан. Абай қаласынан 30 шақырым жерде. 1939 жылы Карлагтың Қотыр бөлімшесі негізінде құрылған. 1962 жылы ауылшаруашылық басқармасына берілген.
Ильичевский ауыл кеңесінің орталығы болды және «Путь Ильича» совхозының орталық ауылы болды.
Халық саны 1,3 мың адам (2010 ж). Жалпы жер көлемі-68,5 мың га. ФАП, «Мерей» балабақша-мектеп кешені, ауылдық кітапхана бар. Селолық аймақ бойынша 43 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив тіркелген. Басқа елді мекендермен автомобиль трассасымен байланысқан. Ең жақын темір жол станциясы-Қарабас, ауылдан 30 шақырым жерде орналасқан.
Юбилейное селолық округі-жеміс-көкөніс өсіруге мамандандырылған.
2011 жылы ауылшарушылығына жарамды жалпы жер көлемі-47312 га құрады, оның ішінде-10999 га шабындықты , 33769 га жайылымды құрайды. Жалпы егіс даласы-7670 га құрайды, оның 4204 га егін алқабы, картофель-1219 га, көкөніс-88,5, сәбіз-қызылша-79 га, көпжылдық шөп- 2158 га алып жатыр.
Ауылшаруашылық мал басынан: ірі қара-1466 бас (оның 611-сиыр), жылқы-194 бас, қой-ешкі-1912 бас.
 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района