Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Ақбастау ауылының тарихы

 

Ақбастау ауылының шығу тарихы

Абай ауданы Ақбастау ауылдық округінің орталығы Ақбастау ауылы Қарағанды қаласынан 80 шақырым оңтүстік шығыс бағытында, аудан орталығы Абай қаласынан 140 шақырым оңтүстік шығыс бағытында орналасқан. 20 ғасырдың 60 жылдарына дейін Тельман ауданының колхоздарының жайлауы болған. 1960 жылы Ақбастау кеңшары болып құрылды. Халық саны 2000 адам болды. Жерінің жалпы көлемі 85,5 мың га. болды. Басты бағыты мал шаруашылығы, жер өңдеу. Бөлімшелерінде (Тихоновка, Калинина, Ленина) бастауыш мектеп, бала бақша, клуб, кітапхана және басқа да мекемелер жұмыс істеді. Ауыл мен елді мекендер арасында ара қатынас авто көлік жолдары болды.  
Мал шаруашылығын дамыту үшін әр бөлімшеде ірі қара ақ бас тұқымды сиырларын, жылқы және шошқа бордақылайтын малшарушылығы комплексі жұмыс істеді. Мал саны МІҚ-7000, жылқы-500, шошқа-100 басты құрады. Жем-шөп сақтайтын қоймалар салынды. Егіс көлемі 10000 га.алқапқа салынды. Машина трактор паркінде 100 трактор, 20 егін жинайтын комбайн, 51 жүк көліктері болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтінь ЗАВ-40, ЗАВ-20 құралдар мен жабдықталды. Машина тракторларды сақтайтын гараж, бокстар және жөндеу шеберханасы болды.
Қазіргі уақытта халық саны-635 құрайды. Ақбастау ауылдық округі аумағында 28 ауыл шаруашылығы құрылымдары мал шаруашылығын дамытуда жұмыс жасайды. Округтегі мал саны келесіні құрайды: ІҚМ-1469, қой-3643, ешкі-393, жылқы – 874 бас. Сауда саттықпен 4 кәсіпкер айналысады. ФАП, 15490 кітап қоры, 450 оқырманы бар кітапхана, 104 абоненті бар «Қазақтелеком», «Қазпошта» АҚ байланыс бөлімшесі және де ұялы байланыс жүйелері «Билайн» 2006 жылдан, «Актив» 2011 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді.
250 орындық ауылдық типтік клуб бар онда бүкіл мерекелер аталып өтеді. Клубта би үйірмесі, вокалдық үйірме, қуыршақ театры және үлкен спорт зал жұмыс істейді.
 464 орындық Ақбастау жалпы білім беретін орта мектебі бар. Онда 30 ұстаз еңбек етеді. Қазіргі заман талабына сай (компьютерлер, интерактивті тақта) техникамен және физика кабинеті толық жабдықталған. 2012 жылы 25 орындық мектеп жасына дейінгі балаларға арнап шағын орталық ашу жоспарланған.

Әкім Б.Оразбеков

 

 

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района