Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қоғамдық тыңдаулар

15.10.2018 жыл

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Абай ауданы әкімшілік аппараты  2018 жылғы 09 қарашада  сағат 17:00-де мына мекенжай бойынша: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы (Дубовка ауылының МҮ залында) «Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының топографо-геодезиялық  зерттеу жүргізуімен бірге егжей-тегжейлі жобасымен бірлескен бас жоспарын әзірлеу» қала құрылысы жобасын талқылау мақсатында қоғамдық тыңдалым өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қоғамдық өкілдер жоба материалдармен мына мекенжай бойынша таныса алады: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абая көшесі, 26.
Қоғамдық тыңдалымдарды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ-сі және «Дубовка ауылдық округі әкімшілік аппараты»ММ-сі болып табылады.
Ескертулер мен ұсыныстар мына мекенжай бойынша: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абая көшесі, 26 және abayarh@mail.ru электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады:
Тапсырыс беруші: «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ,  заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26 байланыс телефоны 8/72131/47096, 8/72131/48317
Құжаттаманы әзірлеуші «Теміртау қаласының сәулет-қала құрылыс орталығы» өндірістік кооперативі болып табылады, заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Темиртау қаласы, Металлургов көшесі, 12,  байланыс телефоны 8/7213/909592

 

 

Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары түскен жоқ.

 

«Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының топографо-геодезиялық  зерттеу жүргізуімен бірге егжей-тегжейлі
жобасымен бірлескен бас жоспарын әзірлеу»
жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым
хаттамасы

1. Өткізу күні:  2018 жылы 9 қарашада,  сағат 17-00-де
2. Өткізу орны: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы
3. Қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды:  Абай ауданы әкімшілік аппараты
                                                                                        (местный исполнительный орган)
4. Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы жұртшылықтың назарына ақпарат жеткізілді: 2018 жылғы 13 қазандағы № 40 «Абай-Ақиқат»  аудандық газет арқылы
                (қолданылған ақпарат құралдарын көрсету, мысалы, БАҚ атауы және жарияланған күні)
5. Қатысқандар: Абай ауданы әкімінің орынбасары -Мағзин М.С., Дубовска а/о  әкімі- Абдулкаримов С.Г., Дубовка а. тұрғындары - 61 адам (тізімі қоса беріледі), "Теміртау қаласының сәулет-қала құрылысы орталығы "ӨК өкілдері», Абай ауданының ММ басшылары( Муталяпова Б.Р., Шакентаев З.Ш., Әшкеев Қ.Т., Санаубаров А.Д., Кабаев Д.Д., Молдабеков О.М., Қысраунов Е.Д.,  Асқаров А.Е., Сатыбаева Р.Х., Саменов А.Т.)                                       (хаттамаға қосымша ретінде толық тізімді ұсына отырып, барлық қатысушыларды немесе қатысушылардың негізгі санаттарын көрсету)
6. Қоғамдық тыңдалымның күн тәртібі: «Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының топографо-геодезиялық зерттеу жүргізумен бірге егжей-тегжейлі жобасымен бірлескен бас жоспарының жобасын талқылау.
(күн тәртібінің негізгі тармақтары және олар үшін көзделген уақытша шектеулер)
7. Сөз сөйлегендер: қоғамдық тыңдаудың төрағасы  - Абай ауданы әкімінің орынбасары - Мағзин М.С., жобаның сәулетшісі - Е. М. Безгинова, "Теміртау қаласының сәулет-қала құрылысы орталығы" ӨК директоры - С. М. Ачкасов Дубовка а. 25 жыл мерзімге дамуының негізгі тұжырымдамалары туралы баяндама жасады.
(сөз сөйлеушілердің тізбесі, олардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінің тақырыптары мен негізгі мәні, баяндамалар мен сөйлеген сөздерінің мәтіндері болған кезде, оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу)
8. Қоғамдық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:
1) Ауылды дамытудың келешек бөлігіне су құбырының құрылысы қарастырыла ма?
2) Қазандық құрылысы қашан көзделген?
3) Жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіледі?
4) Келешек және қолданыстағы құрылыс арасындағы бағдаршам жобаланған ба?
      (сұрақтар мен жауаптарды, ұсыныстарды және ескертулерді адамдар мен олар ұсынатын ұйымға немесе нысаналы топқа көрсете отырып баяндау; көлемді жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді ұсынған кезде оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу).
9. Тапсырыс берушінің сұрақтарға, ұсыныстар мен ескертулерге жауаптары:
1) Иә, қарастырылған.
2) Бұл жобаның тапсырыс берушісіне байланысты.
3) Көп жылдық шөптерді өңдеу және себу есебінен қолданыстағы жайылымдардың өнімділігін арттыру нұсқасы бар.
4) Жобаны уәкілетті органдармен келісу кезінде жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар қарастырылатын болады.
10. Талқылау қорытындысы бойынша негізгі қорытындылар: «Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округі Дубовка ауылының топографо-геодезиялық зерттеу жүргізумен бірге егжей-тегжейлі жобасымен бірлескен бас жоспарын әзірленген  жобасы мақұлдансын.

11. Шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
      
Қоғамдық тыңдалымның төрағасы:        Мағзин М.С.__________________
                                                                          (Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы)      
Қоғамдық тыңдалымның хатшысы:            Сатыбаева Р.Х._______________
                                                                                       (Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы)

 

© 2007—2018 Информационный портал Аппарата акима Абайского района