Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер                     кодексіне, 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2019 жылғы 11.01. № 16-7/177 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2019 жылғы 04.03. № 19-1-18/3859 хаттарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
         1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін Қарағанды облысының Абай ауданының жерлерінде Қарабас кентінің жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2020 жылғы                    30 наурыз болып анықталсын.
         3. Келістіру рәсімдерін жүргізу үшін жер иелерінің немесе мемлекеттік емес пайдаланушылардың өтініштері мен жүгінетін орындары Абай қаласында - «Абай қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мекенжайы бойынша: Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3, Қарабас кентінде - «Қарабас  кенті  әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мекенжайы бойынша: Қарабас кенті, Киров көшесі, 13 болып анықталсын.
         4. «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі  осы қаулы қабылданғаннан бастап үш жұмыс күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарағанды облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
         5. Абай ауданының әкімдігі:
         1) осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей  меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама (әрі қарай – хабарлама) және қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шартының жобасын (бұдан әрі –жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты) жолдасын;
2) әділет органдарында хабарламаны заңдық талап ретінде тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) мүлікке жер иелерінің немесе мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқықтарын тоқтату және алынып отырған мүлікке мемлекет құқығын иеленудің мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;
4) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты бойынша тарап болсын;
5) осы қаулы қабылданған мезеттен бастап үш жұмыс күні ішінде оның Абай ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
6) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған  өзге де өкілеттіктер жүргізсін.
6. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мен «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемелеріне:
1) меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар хабарлама алғаннан бастап екі ай мерзімінде Абай аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарау мен келісу үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарттарының жобаларын ұсынуға материалдарды дайындасын;
2) меншік иелерімен келісімге қол жеткізген кезде және Абай аудандық маслихатының келісімімен жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарттарын Қарағанды облысы әкімдігінің отырысына оны бекіту үшін енгізсін;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған  өзге де өкілеттіктер жүзеге асырылсын.
         7. «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

 

Қарағанды облысының әкімі                                                      Е. Қошанов

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района