Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Бірінші басшылардың өмірбаяны

Асанов Бауржан Қонырбайұлы – Абай ауданының әкімі. 
Асанов Бауыржан Қоңырбайұлы 1968 жылы 24 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келді.1985 жылы орта мектепті бітіріп Москвадағы К.Н.Скрябин атындағы ветеринарлық академияны бітірді.
1986-1988 жылдары Советтік армия қатарында отан алдындағы міндетін атқарды.
1992 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Нұра» АК-на ветеринарлық дәрігер болып жұмысқа қабылданды.
1996 жылдан 2006 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, «Азия» ЖШС директоры;
2006-2007 жылдары «Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы;
2007-2009 ж.ж. – «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы;
2009-2011 ж.ж. – «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің жерлерді пайдалануды болжау және жоспарлау бөлімінің бастығы;
2011-2013 ж.ж. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің бастығы, өндіріс және ветеринария бойынша басшының орынбасары.
2013 жылдың 23 қантарынан 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаменті, халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының басшысы.
2013 жылғы 5 қарашасынан 2016 жылдың 18 шілдесіне дейін «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшысы.
2016 жылғы 18 шілдесінен бастап «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің басшысы болып тағайындалды.
2017 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Абай ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қарағанды қалалық мәслихатының екінші шақырылымының депутаты болып сайланған.
Үйленген, үш баласы бар.



 

 

Мурат Сакенович Магзин 1978 жылы Жезқазған облысы Ағадыр ауданы Ақшатау кентінде дүниеге келген. 2000 жылы «пайдалы қазбалар кеніштерін жер астында өндеу» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 2011 жылы «экономика» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін бітірді.
2000 жылы «Испат – Кармет» акционерлік қоғамы Шахтинск қаласы В.И. Ленин атындағы шахтасының тау-кен мастері ретінде еңбек жолын бастады.
2004 жылдан 2005 жыл аралығында Абай ауданы әкімі аппаратында сәулет, құрылыс, кәсіпкерлік, тасымалдау және байланыс бөлімінің бас маманы.
2005 жылғы қаңтардан наурыз аралығында «Абай ауданының құрылыс және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2005 жылғы наурыздан 2006 жыл аралығында «Абай ауданының ТКШ, КТ және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2006 жылдан 2008 жыл аралығында «Абай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2008 жылдан 2009 жыл аралығында «Абай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
2009 жылдан 2013 жыл аралығында «Абай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2013 жылдан 2015 жыл аралығында «Абай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2015 жылғы 14 қыркүйектен бастап ауыл шаруашылығы және экономике бойынша Абай ауданының әкімі орынбсары болып тағайындалды.


 

 

Клара Бапаровна  Кабдуалиева 1967 жылы 6 қыркүйекте Торғай облысы Арқалық қ. дүниеге келген. 1990 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірді. 2013 жылы Қарағанды экономикалық университеті.
1990 жылдан 1993 жылға дейін-сумен жабдықтау инженері.
1993 жылдан 1996 жылға дейін-электр цехының шебері.
1996 жылдан 1997 жылға дейін-Абай ауданы әкімі аппаратының екі тіл бойынша бас маманы.
1997 жылдан 1999 жылға дейін-Абай ауданы әкімі аппаратының екі тіл маманы.
1999 жылдан 2001 жылға дейін-Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі бас маманы.
2001 жылдан 2012 жылға дейін-Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бастығы.
2012 жылдан 2019 жылға дейін - Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2019 жылдың 4 ақпанынан Абай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Саят Кабиденович Мусин Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласында 1973 жылы дүниеге келген. 2001 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірді.             
Еңбек жолын 1992 жылы Қарқаралы қаласы №1012 ұялы жылжымалы механикаландырылған бағанның жалпы жұмысшысы болып бастады.
1993-1995 жылдар аралығында Қарқаралы АКК күзетшісі болып жұмыс істеді.
1995-1996 жылдар аралығында Қарқаралы коммуналдық шаруашылығының көпсалалы кәсіпорнының құрылысшысы болып жұмыс істеді.
1997 – 1998 жылдар аралығында «Қарқаралы мұнай өнімдері» АТАҚ жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2000-2001 жылдар аралығында «Қарағанды отын-энергетикалық компания» ЖШС бақылаушысы болып жұмыс істеді.
2001 -2002 жылдар аралығында «Орталық ветеринарлық лаборатория» РМК Қарағанды филиалының ветеринарлық дәрігер – радиологі болып жұмыс істеді.
2002 -2005 жылдар аралығында «Орталық ветеринарлық лаборатория» РМК Қарағанды филиалының мал ауруларын анықтау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2005 -2009 жылдар аралығында Қарағанды қаласында «Подворье-Х» ЖШС ветеринарлық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2009-2010 жылдар аралығында  Қарағанды қаласында ветеринарлық емдеу және алдын алу шаралары бойынша жеке кәсіпкер болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрілігінің Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция Комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» ММ Қарағанды филиалының бас маманы –мал дәрігері болып қызмет атқарды.
2011 -2012 жылдар аралығында Қарағанды қаласында ветеринарлық емдеу және алдын алу шаралары бойынша жеке кәсіпкер болып жұмыс істеді.
2012-2015 жылдар аралығында «Абай аудандық ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директорының міндетін атқарушысы болып қызмет атқарды.
2015 жылғы 2018 жыл аралығында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.
2018 жылдың 1 қазанынан бастап Абай ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

 

" alt="" width="145" />

Раушан Даулетбайқызы Нуржубалина 1990 жылы Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Заңтану» (бакалавриат) мамандығын бітірді, 2013 жылы Қарағанды Болашақ университетінің заңтану ғылымының магистр дәрежесін бітірді, 2018 жылы Ноттенгем (Ұлыбритания) университетін «мемлекеттік саясат магистрі» квалификациясымен бітірді. Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианты.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды ​​облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушыларының Оңтүстік-Шығыс аумақтық бөлімінің сот орындаушысы ретінде бастады.

2012 жылғы ақпаннан мамыр айы бойынша Қарағанды ​​облысының Сот актілерін орындау департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2012 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды ​​облысы бойынша ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінде жұмыс істеді.

2012 жылдың желтоқсаннан 2018 жылдың мамыр айына дейін Қарағанды ​​облысы әкімінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың ақпан айына дейін Қарағанды ​​облысы әкімінің ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

 

 

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района