Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

ЖОБА Есенгелді ауылындағы көшелердің қайта атаулары туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Қарағанды облысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылындағы көшелер келесідей:

1)  Гаражная көшесін Дарабоз көшесіне;

2)  Школьная көшесін Шамшырақ көшесіне;

3)  Центральная көшесін Жолашар көшесіне;

4)  Набережная көшесін Несібелі көшесіне;

5)  40 лет Победы көшесін Жеңістің 40 жылдығы көшесіне;

6)  Комсомольская көшесін Мәңкі батыр көшесіне;

7)  Садовая көшесін Жусанды көшесіне;

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

А.Григорьян

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района