Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Шешімдер жобасы

Құлаайғыр ауылындағы

көшелердің қайта атаулары туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағын негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құлаайғыр ауылындағы көшелер келесідей:

1) Нуркен Абдирова көшесі Нұркен Әбдіров көшесіне;

2) Советская көшесі Сарыарқа көшесіне;

3) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

4) Карл Маркс көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

5) Абая көшесі Абай Құнанбайұлы көшесіне;

6) Титова көшесі Достық көшесіне;

7) Гагарин көшесі Әлихан Бөкейханұлы көшесіне.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құлаайғыр ауылдық

округінің әкімі Н. С. Кенжебаев

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района