Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы

Жоба

Мемлекеттік сатып алудың
бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау туралы

        
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағынаа және 8 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасыныңқаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 28 бабының 3 тармақшасына; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының бұйрығына 4-қосымша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 157 «Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», бюджеттік қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттiк сатып алу процесiнiң айқындылығын жоғарылату мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді осы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 157 «Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылармен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес анықталсын.    
3. Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №10/06 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы"  қаулысы күшін жойды деп табылсын (Құқықытық нормативтік  актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміндегі №4212,  2017 жылғы 29 сәуірдегі №16 (4170) "Абай -Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылдың 10 сәуірінен).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін  аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Абай ауданының әкімі                                                              Асанов Б.

 

 

Әкімдік мүшелері:                     

 

М.С. Мағзин

М.С.Мағзин

 

С.К. Мусин

______________

 

К.Б. Қабдуәлиева

К.Б.Қабдуалиева

 

Б.К. Көрпешова

Б.К.Көрпешова

 

М.А. Ахметов

Е.Д Кисраунов.

Орынд.О.Молдабеков 
тел. 4-19-63

      Абай ауданының әкімдігі
20__ жылғы «___» ________
№_______қаулысына                     қосымша

Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі *

 

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) жұмыстар

2.2

Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме

2.3

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару бойынша қызметтер)

3.2

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (3.1-тармақта көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызметтер

      Ескертпе:
      * Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района