Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің бір түрі тұрғын үй көмегі болып табылады.

Абай ауданында тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Абай аудандық мәслихатының 6 сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы № 6/59 шешімімен бекітілген «Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне» (бұдан әрі – Ережелер) сәйкес жүзеге асырылады (Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 02 шілдеде № 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі № 26 (3927) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған).

       Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 2 тармағы 1,2,4 тармақшаларына сәйкес Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

      2) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығындарына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге көрсетіледі.

       Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің (бұдан әрі– Ережелер) 4 тармағына сәйкес Абай қаласында тұрақты тұратын және орталық жылуы бар отбасыларға (азаматтарға) шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысына 8 пайыз көлемінде анықталады.

       Ережелердің 7 тармағына сәйкес Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

       «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11015 болып тіркелген) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» стандартына сәйкес облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.

       «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметінің стандартының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен нәтижелерді беру:

1)      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялы емес акционерлік қоғамы;

2)      www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района