Погода в Абае C
Курсы валют USD EUR RUB
Для слабовидящих

Мүгедектермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімше

         Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін келесі қызметтерді көрсетеді:

1. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу;

2. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

3. Жүріп-тұруында қиындығы бар бірінші топтың мүгедектеріне жеке көмекшінің және есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

4. Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

5. Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамту;

6. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды  ресімдеу.

         Осы қызметтердің түрін алу үшін келесі құжаттар керек:

-        нысан бойынша өтініш;

-        мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан көшірме (медициналық ұйым берген);

-        жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін).

         Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеуге қосымша медициналық карта ұсыну керек.

         Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде.

         Өтініш иесі тікелей «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Абай қаласы, М.Әуезов көшесі 30, кабинет №1 мекенжайы бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация») бару керек.

© 2007—2019 Информационный портал Аппарата акима Абайского района